Қазақстанда барлық оқу орындары өрт қауіпсіздігіне тексеріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі елдегі оқу орындарының басшыларын өз мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігі жүйелері мен қосалқы есіктерді тексеруге шақырды, де хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі РФ Кемерово облысында болған қайғылы оқиғаға орай Қазақстандағы оқу орындарының (мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру, жоғары, қосымша білім беру мекемелері) басшыларын өз мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігі жүйелері мен қосалқы есіктерді тексеруге шақырды», - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, Білім министрлігі Қамқоршылық кеңестер назарын өрт қауіпсіздігі мәселелерін талқылау үшін жиналыстар өткізу мәселесіне аудартты.  

Еске салайық, Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда үйі өртеніп, соңғы деректерге сәйкес, 64 адам қаза тапты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. 

ҚР СІМ-нің мәліметінше, өрттен көз жұмғандар арасында қазақстандықтар жоқ.


Фото: pozhar.info

 

Соңғы жаңалықтар