Қазақстанда барлық ХҚКО қызметкерлері тестілеуден өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының барлық бөлімдерінде Қазақстан республикасының заңнамасы бойынша тестілеу өтеді. Бұл туралы аталған корпорацияның баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қызметкерлердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында 2018 жылдың 15 қаңтарынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының барлық бөлімдерінде Қазақстан республикасының заңнамасы бойынша тестілеу өтеді. Бұл сынақтама 14 мыңнан астам қызметкерді қамтиды» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, келтірілген мәлімет бойынша корпорацияның Басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов бүгін тестілеу бағдарламасын тексеріп, сынақты жоғары деңгейде ұйымдастырып, ашық және объективті өткізу үшін бөлімдер мен филиалдарға бірқатар тапсырламалар берді.

Бұл сынақтаманың нәтижесі фронт-офис операторларының көрсеткен қызметтер сапасы мен кәсіби деңгейіне қарай айлық ынталандыру жүйесін енгізу кезінде есепке алынатын болады.

Сонымен қатар, трансформациялау аясында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын көтеру, проактивті қызметтерді енгізу және насихаттау, сапа менеджменті жүйесін енгізу, оқыту үшін құзыретті дамыту орталықтарын ашу және басқа да іс-шаралар өткізу қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар