Қазақстанда балықшылар өлімі көбейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан су айдындарында адамдардың ажал құшу көрсеткіші ұлғайып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күз мезгілі басталған сәттен бері, балық аулауға шыққан 12 адам ажал құшты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың күзімен салыстырғанда, 3 адамға көп. Олар қауіпсіздік қағидаларын сақтамаған, яғни қарапайым құтқару кеудешесін қимеген, пайдалануға рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолданған. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді», - дейді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, Ю.Ильин қыс мезгілінде мұз астынан балық аулау үшін жеке құтқару құралдарының болуы тиістігін еске салды және мұзы әлсіз су айдындарына шықпауды ескертті.

Министрдің орынбасарының айтуынша, бүгінде республика аумағында қысқы кезеңге арналған 76 мұзүсті автокөлік өткелдері, 77 жаяу жүргінші өткелі және 412 суасты балық аулау орындары анықталған. Оларды ІІМ жергілікті бөлімшелері тексеріп, қауіпсіз деп танығанда ғана пайдалануға рұқсат беріледі.

Соңғы жаңалықтар