Қазақстанда балаларға арналған қауіпсіз сайттардың тізімі жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы балаларға арналған қауіпсіз сайттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еске сала кетсек, 23 қарашада ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Ақ сайттар тізімі» таныстырылған болатын. Жоба жасөспірімдер мен балаларға ғаламторды қауіпсіз түрде қолдануға мүмкіндік береді. Қазақстандық «Ақ сайттар тізіміне» балалардың психологиялық, физикалық тұрғыда толыққанды дамуына мүмкіндік беретін, тәрбиелік маңызы, тақырыбы мен мазмұны жағынан іріктелген 3 556 сайт енген. Олардың 500-і - қазақстандық ресурс.

«Желіде балалар мен жасөспірімдерді қауіп-қатерлерден қорғау үшін қауіпсіз сайттардың тізімін жасау қажеттілігі туындаған болатын. Балаларды интернеттің қауіпті тұстарынан ең алдымен ата-анасы қорғай алатынын білеміз. Сондықтан, балалардың қалыптасуына интернет заманында абай болуы керектігін білдіргіміз келеді», - дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен.

Балаларға арналған қауіпсіз «Ақ сайттардың» тізімін мына сілтемеден жүктеп алуға болады.  

Соңғы жаңалықтар