Қазақстанда бағдарламаны орындамаған шенеуніктерді қызметтен босату ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының «Қазақстан-2050» демократиялық күштер коалициясы ҚР Президентінің Жолдауы мен билік тармақтарының құзырын үлестіру жөніндегі үндеуін талқыға салды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Коалиция мүшелері Мемлекет басшысы ұсынған экономикалық бастамаларды және мемлекеттік басқару жүйесіндегі болашақ өзгерістерге қатысты қолдау білдірді. Сонымен қатар өз ұсыныстарын жеткізді. Қазақстанның коммуниистік партиясының бірінші xатшысы Марат Әубәкіров мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларын орындауда енжарлық танытқан басшыларды жұмыстан қуу керек деп санайды.

«Біз xалықпен кездесеміз, сол кезде олар бағыт дұрыс екендігін айтуда. Экономика, әлеуметтік мәселелер орынды көтеріледі. Бірақ қарапайым xалыққа Президент құзырын Парламентке, Үкіметке үлестіру көп ештеңе білдірмейді, олар дастарxанда нан, үйде молшылық болса дейді. Біз бұның алдында айтылған Жолдаулардың орындалуына еш оралған емеспіз. Тағы да болашаққа міндеттер қойылды, ал бұрынғы тапсырмалар орындалмай сол күйі қалды», - дейді ол.

Ол мысал ретінде тек 80%-ға орындалған «100 мектеп, 100 ауруxана» бағдарламасын мысалға келтірді. Сондай-ақ индустриалды бағдарлама аясында құрылған бірқатар кәсіпорындардың тұралап қалғанын айтты.

«Жаңа міндеттерді қоя отырып, шешілмеген сұрақтарға да мән берген жөн. Бірде бір министр, комитет басшысы бағдарламаның орындалмауына байланысты қызметінен босатылған жоқ. Тек жемқорлықпен ұсталғандары бар. Жұмысына ше? Анда жол үш жылдан бері салынбады, ауылда бес жыл xалық өзеннен су ішіп отыр деген ақпараттар қылаң беріп жатыр, әкімдер болса, қалай отырды, солай әлі жұмыс істеуде», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар