Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -20 °С
Алматы: -10 °С
USD 327.89 EUR 400.91
RUB 5.81 CNY 50.92
Жаңалықтар

Қазақстанда азық-түлік тауарлары 2017 жылы 6,5 пайызға қымбаттады

2018 жылғы 3 қаңтар 10:44 744
Поделиться:
Қазақстанда азық-түлік тауарлары 2017 жылы 6,5 пайызға қымбаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылдың желтоқсан айында азық-түлік тауарлары 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 6,5 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Аталған мерзім ішінде кондитерлік өнімдер 10,7%, алкогольдік ішімдіктер - 10,3%, сүт өнімдері - 9,3%, балық және теңіз өнімдері - 8,6%, жемістер мен көкөністер - 8,4%, тоқаш және ұн өнімдері - 7,4%, кофе, шай және какао - 6,2%, нан - 2,8%, макарон өнімдері - 2,1%, ұн - 1,8 пайызға қымбаттаған. Ал қанттың бағасы 19,5%, жарманың бағасы 15,1%-ға төмендеген.

Аталмыш кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 11,4% құрады. Сиыр етінің бағасы 15,3%, қой еті - 14,1%, жылқы еті - 9,8%, шошқа еті - 9,3%, шұжық өнімдері - 7,3%, құс еті - 5,8%-ға қымбаттаған.

 

 


Басты сөздер: Статистика, Экономика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат