Қазақстанда автокөлік нөмірін ауыстыру шығыны төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов қабылданған жаңа салық кодексінің артықшылықтары туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бұдан былай автокөлік нөмірін жоғалтып алған жағдайда автокөлік иесі көлік нөмірінің дубликаты үшін төлейтін мемлекеттік баждың мөлшері азаяды. Бұрын автокөлік иелері көлік нөмірін жоғалтып алған жағдайда нөмір жиынтығын (алдыңғы және артқы нөмірін) бірақ сатып алуға және мемлекеттік баж төлеуге міндетелетін. Баждың мөлшері - 6734 теңге артық еді. Бұдан былай бір ғана нөмірдің дубликатын сатып алу арқылы бір нөмір үшін (тек жоғалған - авт.) мемлекеттік баж төлеуге болады. Яғни, төлеуге міндетті соманың мөлшері екі есеге азайып, 3367 теңгені құрайды. Бұл ыңғайлы», - дейді Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
null 

Оның сөзіне қарағанда, автокөлікті есептен шығарғаннан кейін 30 күннің ішінде ескі нөмірлерді жаңа сатылып алынған көлікке тағуға болады. Сонда қайтадан мемлекеттік баж төлеу міндеттелмейді.

«Бүгінгі күні елімізде 3 миллион 853 мың көлік бар. Оның 500 мыңы жаңа көлік болып саналады. Яғни, олардың сатылып алынғанына 3 жылдан аспаған. Қазақстанда әрбір бесінші азаматта көлік бар. Демек, автокөлік иелерінің барлығы үшін бұл маңызды деген ойдамын», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар