Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында ғылыми зерттеу жүргізуге конкурс жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы екі жылда ғылыми зерттеулер жүргізуге конкурс жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік сайтының «Ғылым және инновация» бөлімінде 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің конкурстық құжаттамасы жарияланды.

Қаржыландырудың басым бағыттары агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі, сондай-ақ табиғи ресурстарды, оның ішінде геология, су ресурстарын ұтымды пайдалану деп көрсетілген.

Бұдан басқа, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар және конструкциялар бойынша да зерттецулер қаржыландырылады.

Өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар