Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілеріне арналған геопортал іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілеріне арналған геопортал іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Геопортал Қазақстанды және оның ауыл шаруашылығы өндірісін климаттық өзгерістерге бейімдеу мақсатында жасалып, іске қосылуда.

Ақпарат фермерлер, Қазақстан өңірлерінің атқарушы билік органдары, ауыл шаруашылығында қызмет ететін мамандар үшін анағұрлым қажет.

Қазақстан астық дақылдарының аса ірі экспортқа шығарушысы болып табылады. Алайда, республиканың ауыл шаруашылығымен айналысатын түгелге жуық аудандары, жерді өңдеудің дағдарысты аймақтарына жатады, климаттық қолайлы жылдары (гидрометеорологиялық жағдайлар тұрғысынан қарағанда) жоғары өнімдер алынады, ал құрғақшылық жылдары өнімнің маңызды бөлігі шығынға ұшырауы мүмкін.

Қазақстанға, әсіресе, ауыспалы климаттық жағдайда құрғақшылық мониторингіне арналған геопортал өте қажет. Оны пайдалану климаттық өзгерістердің әсерін жеңілдету бойынша дер кезінде шаралар қолдануға ықпалын тигізеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің, астық өнімділігін болжаудың, ылғалдылық қорларын, қар қабатын, құрғақшылықты, биоқауіптіліктерді бағалаудың мониторингі бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер «ҰҒЗТО» АҚ-да 1990 жылдардан бері жүргізіліп келеді және көпжылдық деректер базасы жинақталған. Тек қана осы бақылаулар мен зерттеулердің арқасында геопортал сияқты өзекті жобаны құру мүмкін болып отыр.

Айта кету керек, жоба Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ-ның БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Америка халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (USAID) ынтымақтастықта және олардың қолдауымен жүзеге асырылды.

Соңғы жаңалықтар