Қазақстанда ауа температурасы төмендей түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17-19 тамызда Қазақстанда ауа температурасы төмендей түседі деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

«Орталығы Мәскеу қаласынан бастау алатын антициклон Қазақстанның көптеген облыстарының ауа-райына әсер етеді. Еліміздің батыс, солтүстік батыс, оңтүстік батыс аймақтарында күн ашық, жауын-шашынсыз болады.

Ал солтүстік, шығыс және оңтүстік шығыс бөлікте күн күркіреп жаңбыр, бұршақ жаууы және желдің күшеюі мүмкін.

Республиканың барлық аймақтарында ауа температурасы төмендей түседі. Cолтүстік бөлікте ауа температурасы түнде 5-12, күндіз 17-22, оңтүстік аймқтарда ауа-райы түнде 10-17 градус жылы, түнде 25-35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар