Қазақстанда атомнан да қуатты энергия көзі бар - Гүлшара Әбдіқалықова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО көрмесіне келген шетелдік туристерге Қазақстандағы ұлтаралық келісім үлгісі таныстырылды.

Осыған орай, Ұлттық музейде салтанатты шара ұйымдастырылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараны ашқан ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова ұлтаралық алауыздық салдарынан әлемде болып жатқан жағдайлар жайында айта келе, біраз мемлекеттердің қазақстандық келісім моделіне зәру болып отырғанын жеткізді.

"Бүгінде Орталық Азияда ядролық қару жоқ. Біздің аймағымызда атом энергиясын тек бейбіт мақсатта ғана пайдалануға болады. Дегенмен, Қазақстанда одан да қуатты энергия бар. Ол - бірлік, бейбітшілік пен келісім энергиясы. Қазіргі кезде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық бірлік мен қоғамдық келісім үлгісі эталонға айналды. Қасиетті қазақ жерінде 100-ден астам ұлыс пен 18 конфессия бейбіт өмірде тұрады. Біз осы саладағы бай тәжірибемен, достық пен өзара сенім энергиясымен бөлісуге дайынбыз. Ол энергияның қайнар көзі - Қазақстан xалқы Ассамблеясы", - деді Әбдіқалықова.

Бүгінгі шара аясында туристерге Қазақстан xалқы Ассамблеясын құру тариxы таныстырылып, оның түпкі мақсаты мен қазіргі қызметі арнайы бейнебаян арқылы көрсетілді. Ал Ұлттық музейдегі көрмеде шетелдік қонақтар қазақ жерінде тұратын ұлттардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен кеңінен танысып шықты.

Соңғы жаңалықтар