Қазақстанда әскери-патриоттық тәрбие беру аясында кадет сыныптары ашылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігінің, мемлекеттік органдармен және жалпы білім беру мектептерімен бірлесіп, кадет сыныптарын ашу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда. Аталмыш шаралар Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық жұмыстарды әрі қарай жетілдіру мәселесі жөнінде қол қойылған Ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жөнінде меморандумға сәйкес жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Кадет сыныптарын ашу жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған. Әр кадет сыныбында жалпы орта білім беру мектептерінің бағдарламасы бойынша білім алатын 30 бала оқиды. Осындай сыныптарда патриоттық тәрбиеге, дене шынықтыру мен бастапқы әскери дайындық мәселесіне ерекше назар аударады.

Бүгінгі күні республикамыздың барлық өңірінде 101 кадет сыныбы жұмыс жасайды, онда 2800-ден аса бала білім алады. Кадет сыныптарының тәрбиеленушілері әскери мамандықтың қыр-сыры, саналы арифметика, бал билері, атқа шабу, қоян-қолтық күрестің әдіс-тәсілдері, шет тілдері, әдеп және т.б. зерделейді.

Қазіргі уақытта Атырау, Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының жалпы білім беру мектептерінде кадет сыныптары белсенді жұмыс жасауда. Жуырда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында № 4 орта мектебінде кадет сыныбының ашылу салтанаты өтті. Алдағы уақытта Батыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарының мектептерінде осындай сыныптарды ашу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар