Қазақстанда әскери қызметшілерді баспанамен қамтудың жүйесі өзгереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қарулы Күштерінде 2018 жылдан бастап әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз етудің жүйесі өзгереді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.  

Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің жүйесін жетілдіру мақсатында Елбасы - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н. Назарбаев әскери қызметтің беделін, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік-құқықтық мәртебесін арттыруға «Тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қабылданған Заңда әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін баспанамен қамтамасыз етудің жаңа тетігі қарастырылған.

2018 жылдан бастап еңбек өтіліне қарамастан (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, кадеттер мен курсанттарды) екінші деңгейдегі банктерде шоттарға тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы қолданыстағы заңнамада қарастырылған үстемақыны алмастырады. Бұл ретте жекешелендіруге жатпайтын қызметтік баспанамен, оның ішінде, оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда қамтамасыз етілген әскери қызметшілерге тиесілі төлемнен 50% көлемінде екінші деңгейлі банктерге ақшалай қаражат аудару жоспарлануда.

Сондай-ақ, Заңда 2013 жылғы 1 қаңтарда еңбек өтілдері 10 мен 15 жылды құраған әскери қызметшілерге 20 жылдық еңбек өтілінен кейін ақысыз жекешелендіру құқығын қайтар мүмкіндігі қарастырылған.

Аталмыш норма 10 мен 15 және 15-тен және одан да көп еңбек өтілдері бар әскери қызметшілердің санаттары арасындағы шекараны жоюға мүмкіндік береді.

null 

Соңғы жаңалықтар