Қазақстанда арнайы жәрдемақылардың мөлшері артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақы бойынша қандай өзгерістер барын жария етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы мен жасы бойынша берілетін мемлекеттік-әлеуметтік жәрдемақы азаматтардың конституциялық кепілі болып табылады. Оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріне, мүгедектіктің тобына, асыраушысынан айырылған адамның санына байланысты еңбек табысының мөлшерінен тыс барлық азаматтарға төленеді», - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің сауал хатына жауап берген министрліктің баспасөз қызметі.

Министрліктің ақпаратына сүйенсек, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қайта қарау қорытындысы бойынша Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 16 пайызға артады. Соған қарай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері өсетін болады.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 6 пайызға артатындықтан, мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері де 6 пайызға өседі», - деп түсіндіреді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар