Қазақстанда әрбір үшінші кісі өлімі отбасында жасалады - Бас прокурор

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда әрбір үшінші кісі өлімі отбасында жасалады. Бұл туралы бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Адам құқықтарының халықаралық күніне арналған дөңгелек үстел барысында еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Проблемалардың тағы бірі -  тұрмыстық зорлық-зомбылық. Зорлық-зомбылық қылмыстардың 60 пайызы, оның ішінде әрбір үшінші кісі өлімі  отбасында жасалады», - деді Жақып Асанов.

Бас прокурордың атап өтуінше, балалар, әйелдер, мүгедектер мен қарттар зорлық-зомбылықтың жиі құрбанына айналады.

«Маусым айында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын іске қостық. Алдын алуға бағытталған заңнамаларды түзету, құрбандарды оңалту сынды шаралар бар. Қазір ұлттық комиссиямен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеудеміз, БҰҰ-мен меморандумға қол қойдық», - деді ол.

Айта кетерлігі, дөңгелек үстел отырысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Н.Шимомура, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссия басшылары қатысты.

Соңғы жаңалықтар