Қазақстанда алтын өндіру көлемі артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қаңтар-қазанында Қазақстанда өңделмеген алтынды өндіру көлемі 70,248 келіге жетті. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, есепті кезеңде өңделмеген күмісті өндіру көлемі 870,911 келіні құрады.

Бұл ретте биылдың аталған мерзімінде өндірілген күмістің мөлшері былтырғы қаңтар-қазанға қарағанда 12,8 пайызға кем болды.

Соңғы жаңалықтар