Қазақстанда алғашқы жол шетіндегі метеостанса орнатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Алматыда тұңғыш рет жол шетіндегі метеостанса орнатылды. Арнайы құрылғы жол қабатының жағдайын бақылап отыруға арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қаланы орталықтандыру және оңтайландыру үшін кешенді шешімдерді іске асыру шеңберінде Қазақстанда бірінші болып, Алматыда жол жиегіндегі Marcel Boschung AG метеостансасын орнатты.

Станса Медеу ауданында қойылды.

«Экопост қалалық коммуналдық қызметтерге жолдың үстіңгі қабатының жағдайы туралы, көру мүмкіндігі туралы нақты ақпаратты алуға, жауын-шашынды  ескертуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жолда мұздың қатуын болжауға, сол арқылы мұзға қарсы өңдеу жұмыстарының тиімділігін арттыруға болады. Станса жолдың жоғарғы қабатының температурасын, жабындының күйін, тұзды, мұздың пайда болуын, мұздың қатуын, жабындыдағы су қабатының қалыңдығын өлшей алады. Орнатылған метеостанса тестілеу үстінде, 3 км дейінгі көрсеткіштерді өлшейді. Мұндай қондырғылар әуежайларда, АҚШ-тың ірі мегаполистерінде, Еуропада сәтті жұмыс істеп тұр», - деді баспасөз қызметінен.

Алматы  қаласының коммуналдық қызметтері аталған жүйемен жұмыс істеу кезінде пайдаланып жүрген мұзға қарсы материалдардың көлемін 20 %- ға қысқартуды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар