Қазақстанда алғашқы қалалық сага-фэнтези прокатқа шығады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «A"Star Film» және «Bayterek production» компаниялары түсірген «Шатырдағы бұлт» (Облако на крыше) көркем фильмі 26 сәуірден бастап жалпыұлттық прокатқа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» киностудиясына сілштеме жасап.

Фильм авторларының айтуы бойынша бұл картина Қазақстандағы алғашқы қалалық сага-фэнтези. Туынды мәңгілікке жауласып келе жатқан Жақсылық пен Жамандықтың күресін қалалық жастардың түнгі өмірі мен күнделікті тіршілігі арқылы баяндайды.  

Фильмнің сценарий авторы әрі қоюшы-режиссері - актер, режиссер, композитор Әлішер Сүлейменов. 
«Фильм көптің бірі боп жүрген жігіттің өмірін өз ойындарының ойыншығы еткен Періште пен Әзәзіл туралы. Екеуі келісімге келіп, сыртынан бақылау жасап, Тимур есімді жігіттің өміріне араласады. Біз шынайы өмірде қаншалықты ертегінің орын алатынын және ертегіде шынайы өмірдің барын көрсеткіміз келді. Жалпы айтқанда, фильм үлкендерге арналған ертегі», - сказал Әлішер Сүлейменов.
Аталмыш фильмге Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы техникалық қолдау көрсетті.  
Барлық түсірілімдер Алматы қаласында өткен. Түсірілім локациялары ретінде қаланың түнгі клубы мен биік ғимараттың шатыры алынған. Кейіннен сахналар арнайы эффектілер мен компьютерлік графика арқылы қажетті қалыпқа келтірілген. 
Фильмдегі басты рөл жас актер, режиссер және сценариші Диас Әзімжанға бұйырған. Ол Нью-Йорк киноакадемиясын бітіріп, «Кино және тв режиссурасы» атты мамандығы бойынша магистр атанған. Айта кетелік, бұл оның толықметрлі кинодағы алғашқы рөлі. 
Диас Әзімжан режиссер ретінде үш қысқамтеражды фильм түсіріп, Direct Monthly Film Festival, I-республикалық «Байқоңыр» кинофестивалі, «Los Angeles CineFest», «Barcelona Planet film festival»,  «Indie Wise virtual film festival» атты байқаулардың лауреаты атанған. 
Фильмге Вахид Изимов, Кәмилла Нұғманова, Қазына Абдірахман, Мәдина және Медина Тәліпбек, Үсенжан және Асанжан Сұлтановтар және басқалар түскен.

Соңғы жаңалықтар