Қазақстанда алғаш рет түрмеден шыққандарды бейімдеу орталығы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында түрмеден шыққан азаматтарды бейімдеу орталығы ашылды. Аталған бастама Қазақстанда алғаш рет қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішевтің айтуынша, орталық ашылғалы бері мамандардың көмегіне 60 адам жүгінді. Алдағы уақытта осы бастаманың тиімділігін ескере отырып, тағы екі бөлімшені ашу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, арнайы жобаның аясында заңгерлік көмек қана емес, қаржылай қолдау да жасалады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 22 миллион теңге бөлінді.

"Өткен жылы түрмеден шыққан 132 адам орта білім туралы аттестатты алды, тағы 81 азаматқа негізгі білімі бар деген куәлік берілді. Алты түзеу мекемесінде кәсіби білім беру топтары жасақталды. Ол жерде 222 адам білім алып жатыр. Бизнесмендер де ондай адамдарға жұмысқа тұру үшін квота бөліп отыр. Осы уақытқа дейін 200 адам жұмысқа тұрды. Ал бизнеспен айналысамын деушілер өз кәсібін ашу үшін несие ала алады. Мәселен, Осакаровка ауданының бір тұрғыны мал шаруашылығымен айналысамын деп, 3 миллион теңге көлемінде несие алды", - дейді Әбішев.

Соңғы жаңалықтар