Қазақстанда алдағы күндері күн жылынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 7-9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандағы ауа райына әсер ететін Сібір антициклоны бірте-бірте сейіліп, Алтайға қарай жылжиды. Бұл республикада күннің жылынуына  әсер етеді. Ресейдің еуропалық бөлігіндегі атмосфера қысымының орнына барикалық өріс және онымен байланысты ауа ағындары жылжып келеді. Бұл еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және солтүстік-батыс өңірлеріне жылы ауаны алып келеді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар