Қазақстанда алдағы күндері күн суытады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы күндерде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, кей жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпанның 27-сі оңтүстікте және оңтүстік-шығыста  желдің жылдамдығы 30 м/с жетеді деген болжам бар.

Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжитын антициклон алдымен еліміздің  батысына содан кейін  республиканың қалған бөлігіне суық ауа райын алып келеді.

Соңғы жаңалықтар