Қазақстанда ақша-несие саясатының жаңа құралы енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ақша-кредит саясатының жаңа құралы енгізілетін болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ туынды қаржы құралдарының нарығын дамыту мақсатында Ұлттық Банк «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының алаңында өтімділікті ұсыну, сол сияқты алу бойынша бір күн мерзіміне валюталық своп операцияларын жүзеге асыруды бастау туралы шешім қабылдады»,-делінген баспасөз хабарламасында.

Валюталық своп арқылы ұлттық валютада өтімділікті ұсыну Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі бойынша плюс жылдық 2%-пен (екі процентпен) жүзеге асырылады. Операцияларды жүргізу арқылы ұлттық валютада өтімділікті алу ақша және валюта нарықтары арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін АҚШ пен Қазақстан мөлшерлемелерінің дифференциалын ескере отырып есептелген формулаға сәйкес пайыздық мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылатын болады:

(R_KZT - R_USD)/(1 + R_USD)

мұнда,

R_KZT - Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі минус жылдық 1% (бір процент);

R_USD - Bloomberg немесе Thomson Reuters ақпараттық ресурстарының деректері бойынша алдыңғы жұмыс күні үшін АҚШ доллары бойынша біркүндік LIBOR мөлшерлемесі.

Тұрақты қолжетімділік операциялары бойынша мөлшерлемелер дәлізіне қатысты своп операциялары бойынша мөлшерлемелердің барынша кең дәлізі теңгелік өтімділікті тарту кезінде кепілді қамтамасыз ету ретінде шетел валютасын пайдалануды ынталандырмауға бағытталған.

Валюталық своп операциялары арқылы өтімділікті алу бойынша Ұлттық Банк операцияларының күн сайынғы көлемі 500 000 000 (бес жүз миллион) АҚШ доллары мөлшерінде лимиттеледі.

Фото: 1zoom.net

Соңғы жаңалықтар