Қазақстанда әкімдер отбасылық бизнесті дамытуға міндеттелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы бүкіл әкімге өз өңіріндегі отбасылық бизнесті дамыту міндетін жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы өз Жолдауында екінші басымдық ретінде бизнес ортану жақсарту мәселесін алға тартты. Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі - елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету үшін «Нәтижелі еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлік» туралы бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарламаның бүкіл тетіктері айқын және қаржылай қамтамасыз етілді»,-деген Үкімет басшысы Қазақстанда жаппай кәсіпкерлікті дамыту ісі әрбір әкімнің жұмысымен тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың нәтижелі болуы көбіне әкімдерге байланысты. Әрбір әкім Президенттің тапсырмасына орай, өз өңіріндегі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту үшін кешенді шараларды ұсыну керек»,-деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар