Қазақстанда АЭС үшін отын шығаратын зауыттың құрылысы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Индустрияландыру күні аясында телекөпір барысында Шығыс Қазақстан облысында атом электр стансалары үшін отын шығаратын зауыттың құрылысы ресми түрде басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының мәліметінше, алдағы уақытта өндірісте жылу шығаратын өнімнің көлемі жылына 200 тоннадан кем болмайды деп күтілуде. Бұл өз кезегінде әлемдік ядролық-отын нарығына шығуға мүмкіндік береді. Өнім 2020 жылы шығарылатын болады.

«Осы зауытта біздің жоғары технологиялар енгізілетініне мақтан тұтамыз. Қазіргі уақытта аталған өндіріс үшін қажетті құралдар мен жабдықтарды жасау жұмыстарына кірісіп кеттік»,-деді АРЕВА-ның отын бизнесі бойынша бөлімінің келісімшарттар жөніндегі аға вице-президенті Клаус эль Уста.

Өз кезегінде CGNPC-URC бас директорының орынбасары Цай Юченг «Қазатомөнеркәсіп» компаниясымен серіктестікке өте қуанышты екенін атап өтті. Отын жинақтары Қытайдың атом электр стансаларында пайдаланылады.

Елбасы осы жобаға қатысушыларды құрылыстың басталуымен құттықтай келе, бұл нысан өте қажет екенін және алдағы уақытта өз нәтижесін беретіндігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар