Қазақстанда адвокаттардың қызмет құнын белгілейтін тарифтік кесте құрылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» жаңа заң жобасы күшіне енген жағдайда адвокаттар мен заңгерлердің барлық қызметтерінің бағасы тарифтік кестеде көрсетілетін болады.

 Бұл туралы заң жобасын түсіндіруге орай ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директооры Бақтыгүл Атағазиева мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Департамент директорының айтуынша, бүгінгі таңда жаңа заң жобасы арқылы адвокаттық қызметті әлемнің дамыған елдерінің стандарттарына сәйкестендіру көзделіп отыр. Азаматтардың кәсіби заң көмегін алуға, конституциялық құқығын іске асыру механизмнін жетілдіру мақсатында Әділет министрлігімен жаңа заң жобасы әзірленген.

«Тарифтік кесте халықтың адвокаттар мен заңгерлер қызметінің орташа бағасын нақты білуі үшін жасалғалы отыр. Кеңес берушілердің заңдық бағасы, Республикалық адвокаттар алқасы  тарифтік кестені өзара ақылдаса белгілейтін болады. Оған қоса адвокаттар бірлестігінің пікірі назардан тыс қалмайды. Бұл орташа бағаны анықтап береді. Егер азамат белгілі бір заңгерге немесе адвокатқа барып қызметін сұраса шамамен бұл үшін қанша төлеуі керектігін білетін болады», - дейді департамент директоры.

Оның айтуынша, қазіргі таңда мұндай тарифтік кесте Қазақстанда жоқ. Сондықтан да, мәселен, Астанада адвокаттық қызмет үшін бір жерде 500 мың теңге алса, екінші қалада ол баға әлдеқайда төмен болуы ықтимал.

«Яғни, кестенің қабылдануымен қызмет құнының белгілі бір шегі белгіленеді деген ойдамын. Орташа құны белгілі болғаннан кейін оны төмендету немесе өсіру мүмкіндігі болмайды. Мүмкін болашақта осы орташа құн осы заң көмегінің нақты бағасына да айналар», - дейді Бақтыгүл Атағазиева.

Соңғы жаңалықтар