Қазақстанда «Әдеби белдеу» жобасы іске қосылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Әдеби белдеу» жобасы іске қосылады. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақордада өткен ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында ол «Театр зертханасы» және «Әдеби белдеу» жобаларының іске қосылатындығын атап өтті.

«Театр зертханасы еліміздің бүкіл өңірлерінің жас әртістерінің біртұтас шығармашылық ұжымы ретінде олардың шығармашылығы әлеуетін ашуға, актерлік шеберліктерінің деңгейін көтеруге септігін тигізеді. Сонымен қатар өңірлік актерлерге танымал әлемдік режисерлер мен қоюшылардың жетекшілігімен пьесалар мен қойылымдарда ойнауға мүмкіндік береді. Жобаның басты мақсаты - әлемдік адиторияның қазіргі заманғы қазақстандық театр өнеріне қызығушылығын арттыру және талантты жас актерлерді халықаралық деңгейде көтермелеу», - деді Аида Балаева.

Оның айтуынша, «Әдеби белдеу» жобасы қазіргі авторлардың жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік беріп, әлеуеттерін ашуға септігін тигізеді.

«Әдеби белдеу» жобасы іске асырылады. Онда қаламгерлер өз еңбектеріне еліміздің әр өңіріне тән мәдени ерекшеліктерді арқау етеді. Әр аймақтың тыныс тіршілігінен хабар беріп, тарихи ерекшеліктеріне үңіледі. «Әдеби белдеу» арқылы заманауи авторлар еліміздің өңірлеріне көзқарасты жаңа деңгейге көтереді. Облыстардың әлеуетін ашып көрсетіп, туған жерді қадірлеуге шақыратын тың шығармалар жазады»,-дейді А.Балаева.

Оның айтуынша, жоба әдеби қауымдастықты рухани жаңғыру үрдісіне тағы бір тәсілмен жұмылдыруға мүмкіндік береді. Жобаның аясындағы дүниеге келген туындылар «Туған жер» атты энциклопедияға жинақталады.

Мұнан бөлек ол республикалық және өңірлік деңгейлерде музей қорларын цифрландыру жұмысы белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде 13 700 жәдігер бірлігі цифрландырылды. ҚР Орталық мемлекеттік музейінде 39 602 бірлік цифрландырылды. Қостанай облысында экспонаттардың 24,5, Ақтөбе облысында - 23, Атырау облысында - 20, Қарағанды облысында - 19, Ақмола облысында - 18, Маңғыстау облысында - 14,8 пайызы цифрлы форматқа көшірілді», - деді Балаева.

Соңғы жаңалықтар