Қазақстанда адамдардың денсаулығына қауіпті препараттар сатылмады - ДСМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр Қазақстан аумағында адамдардың денсаулығына қауіпті препараттар сатылмады. Бұл туралы «ҚазАқпараттың» ресми сауалына ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан аумағында адамдардың денсаулығына қауіпті деген немесе ешқандай шипасы жоқ препараттардың сатылуы тіркелмеген», - делінген ведомствоның мәліметінде.

Бұдан бөлек, комитет тарапынан 2018 жылғы  гепатитке қарсы вакциналау шараларына қатысты ақпарат берді.

«Қазірге уақытта Қазақстан Республикасында егуге жататын балаларға (жоспарлы түрде егуге жататын 2 жастағы балалар және эпидемиологиялық айғақтарға байланысты) А вирустық гепатитіне қарсы вакцина жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Бұл ретте, 2018 жылға қаражат бөлініп,  жергілікті денсаулық сақтау басқармаларымен қажетті мөлшерде вакцина сатып  алу іс-шаралары жүргізілуде», - деп атап өтілген реми жауапта.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Денсаулық министрлігі Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында А гепатитіне шалдығу жағдайына байланысты түсініктеме берді. 

Соңғы жаңалықтар