Қазақстанда 9 сәуір күні өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 9 сәуір күні өтетін маңызды шаралар туралы мәлімет ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді.

Сағат 10.00-де Назарбаев орталығында қазақ халқының біртуар ұлы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «Рухани жаңғыру: тұлға тағылымы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде «ЭКСПО-2025» Бүкіләлемдік әмбебап көрмесін өткізу құқығына Екатеринбургты ұсыну бойынша ресейлік өтінімнің тұсаукесері басталады.

АЛМАТЫ

Сағат 09:30-да «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының аумағында «Наурыз - Халықтың ұлы мейрамы» атты мерекелік шара ұйымдастырылады.

Сағат 11:00-де Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралдық шіркеуінде «Ата өнері - ұрпаққа мұра» атты егде және мүмкіндігі шектеулі адамдардың бірегей тауарларының жәрмеңкесі өтеді.

Соңғы жаңалықтар