Қазақстанда 800-ден астам сотталушы рақымшылық бойынша бостандыққа шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда рақымшылық заңын жүзеге асырудың негізгі сатысы басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2017 жылдың 1 наурызындағыі жағдай бойынша, ҚР рақымшылық туралы Заңы қабылданған күннен бастап, барлығы тоғыз мыңнан астам материал сотта қаралды. Соның ішінде республикада 800-ден астам сотталушы бостандыққа шықты. Қоғамнан оқшауланбай, пробациялық бақылауда жазасын өтеп жүрген тағы үш мың адам соттың шешімімен босатылды», - деп хабарлады республикалық пенитенциарлық жүйе ведомствосында.

Аталып өтілгендей, 1,2 мыңнан астам сотталушының жазасын өтеу мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар, түрлі себептермен 60-тан астам сотталушының өтініші қабылданбады. Олардың көбісі қылмыс салдарынан келтірілген залалды өтемеген.

«Алайда, рақымшылық заңында қарастырылған уақыт аралығында залал өтелсе, сотталушының сотқа қайта өтініш беруге мүмкіндігі бар», - деп атап өтті ҚАЖ комитетінде. 

Соңғы жаңалықтар