Қазақстанда 600 қасиетті орынның тізімі жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 100 жалпыұлттық деңгейдегі және 500 жергілікті маңызы бар қасиетті орынның тізімі жасалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның қасиетті жерлері географиясы» жобасын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали мәліметті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарының бірі Қазақстанның қасиетті жерлерін анықтау болып табылады. Барлық бағдарламалар бір-бірімен байланысты. «Туған жер», «Жүз есім» бағыттарымен бірге латын әліпбиін талқылап жатырмыз. Оқулықтар аударылып жатыр. Мұның бәрі кешенді жоспар. Соның бір бағытын - Қазақстанның қасиетті жерлерін анықтау үшін арнайы ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының жетекшісі - ҚР мәдениет және спорт министрі. Бүгінгі таңда біз әзірлеген нұсқаулық бойынша 1000-ға жуық мәлімет келіп түсті. Бүгін де жетекші ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен құрылған сараптамалық кеңестің шешімімен 100 жалпыұлттық деңгейдегі, 500 жергілікті маңызы бар қасиетті орындардың тізімі жасалды. Іс жүзінде халық бұл жерлерді бұған дейін анықтап қойған. Біздің міндетіміз - қасиетті орындарының бірыңғай желісін құру. Болашақтағы міндет - оларды кеңінен насихаттау», - дейді Берік Әбдіғали.

Оның айтуынша, сараптамалық топ киелі жерлердің тізімін жасау үшін бірқатар жұмыстарды жүргізген.

«Осы бағытта арнайы жұмыс топтары құрылып, олар жергілікті мамандармен, өлкетанушылармен, ақсақалдармен ақылдасып, өз ұсыныстарын берді. Бүгінгі күні ұсыныстар жиналып, сараптамалық жұмыстардан өтіп, кеңестің шешімімен жалпыұлттық және жергілікті деп екіге бөлінген. Қасиетті орындарды нақтылау үшін өңірлерде экспедициялық жұмыстар басталып кетті. Экспедицияның басты мақсаты - жұмыс топтары ұсынған тізімді мамандармен ақылдасып, аңыздарды жинау», - дейді Берік Әбдіғали.

Соңғы жаңалықтар