Қазақстанда 6 желтоқсан күні болатын маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 6 желтоқсан күні болатын маңызды оқиғаларға шолу жасайды.

АСТАНА

9.00-де Мемлекет басшысының қатысуымен «Алтын сапа» байқауының жеңімпаздары марапатталады. «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің және «Парыз-2017»  бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының жеңімпаздары анықталады.

10.00-де ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді.

10.00-де ҚР Тұңғыш Президенті қорының жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының ұйымдастыруымен «Жаңғыру және дамудың ұлттық жолы: тарих тағылымы және болашаққа қадам» атты дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де Сенатта ҚР Сыртқы істер министрлігі басшылығымен «Дамуға ресми көмек туралы» Заңының іске асырылу сұрақтары қаралады.

11:00-де ҚР Ұлттық музейінде «Керемет Қытай» атты фотокөрменің ашылуы болады.

11.00-де Республикалық физика-математика мектебінде «Код сағаты» ашық сабағы болады.

15.00-де Мәжіліс Үйінде «нұротандық» депутаттар ішкі туризмнің дамуы мен мәселелерін талқылайды.

15.00-де Сенатта «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының орындалуы туралы дөңгелек үстел өтеді.

16.30-де ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында «Болашақ энергиясы» атты дөңгелек үстел өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінде туризм туралы тыңдалым өтеді.

11.00-де ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институты «Латын әліпбиіне өтудің білім беру және мәдени сұрақтары» атты дөңгелек үстел өтеді.

12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Мүгедектерге көмек көрсету жүйесін жаңғырту» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

17.00-де Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде «Біздің заман» атты көрмесі ашылады.

17.00-де Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Әлемдік өркениеттегі Қазақстан мәдениеті» халықаралық жобасы аясында баспасөз мәслихаты өтеді. Кездесу М.Әуезов атындағы академиялық драма театрда ұйымдастырылады. Мәдениет және спорт министрлігі «Токиоға гастроль» тақырыбын қамтиды.

Соңғы жаңалықтар