Қазақстанда 6 мамырда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агентігі Қазақстанда 6 мамырда өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АЛМАТЫ

Сағат 08:30-да Иверско-Серафимовсий монастырының София соборында Георгий Победоносецті еске алуға арналған құдайы литургия өтеді.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Сағат 10:00-да ШҚО қылмыстық-атқару департаментінің қызметкерлері мен белсенді жастар, сонымен қатар құқық қорғау органдарында есепте тұрған адамдардың арасында футболдан жолдастық кездесу басталады. Шараның өтетін орыны: Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облыстық гуманитарлық колледждің футбол алаңы.

Сағат 9.00-12.00 аралығында Семей қаласындағы «Северный» логистикалық сауда орталығында ауылшаруашылық жəрмеңкесі өтеді.

Сағат 12.00-де Семейде ҰОС ардагері Қабыш Омаровты еске алуға арналған қазақ күресінен қалалық турнир басталады. Өтетін орны: «Тарлан» денешынықтыру сауықтыру кешені.

АТЫРАУ

Сағат 10:00-де  «Мұнайшы» спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған волейболдан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында қалалық ашық турнир өтеді.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Сағат 12:00-де «Жеңіс» мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде шинкекушинкай каратэден үшінші халықаралық турнир өтеді. Аталған спорттық шараға Қазақстан, Ресей мен Украинадан 250 спортшы қатысады.

Соңғы жаңалықтар