Қазақстанда 6 ақпан күні болатын маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 6 ақпан күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғалар тізбегіне жасалған шолуын ұсынады.

АСТАНА

10.00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы өтеді. Онда Шағын және орта бизнеске қолдау шаралары мен денсаулық сақтау органдарына корпоративті басқару принциптерін енгізу мәселесі талқыланады.

16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Иран Ислам республикасының Елшілігі ұйымдастырған «Мәулана және сама» тақырыбындағы Иран миниатюрасының көрмесі салтанатты түрде ашылады. Аталған шара 6-16 ақпан күндері өтеді, ол Иран Ислам революциясының 39-жылдығын атап өтуге арналған.

16-20-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның президенті Сәуле Дүйсенова мен компанияның атқарушы директоры Нұрсұлу Кемелдің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исаховтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

ОҚО

11:00-де Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда «Арай-2018» жас эстрада əншілері мен мəдени іс-шара жүргізушілері байқауының жартылай финалы өтеді.

Байқауда облыстың аудан, қалаларында іріктеуден өткен 59 жас əнші мен 34 мəдени іс-шара жүргізушісі бақ сынайтын болады.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

11.00 -де Ақтөбе облысы әкімдігінде Көлік және автомобиль жолдары басқармасының 2017 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысымен 2018 жылға арналған міндеттері жөнінде жиын өтеді.

15.00 -де Халықтық кеңседе Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының есебі тыңдалады.

16.30-да Салтанат сарайында Кәсіпкерлік басқармасы есеп береді.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «PARADISE ZHETYSU» жобасының тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

12:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Сапалы жұмыспен қамту: бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтеді.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

11.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Ұлттық банкінің Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Виталий Чеусовтың қатысуымен «Қаржылық секторды қайта түлету» тақырыбында брифинг өтеді.

15.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенованың және қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы Марина Лидің қатысуымен «Ақмола облысының білім беру мекемелерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру» тақырыбында брифинг өтеді.

Соңғы жаңалықтар