Қазақстанда 5 наурыз күні өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан өңірлерінде 5 наурыз күні өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10:00-де Парламент Сенатында жауапты органдардың басшыларының қатысуымен су қауіпсіздігіне арналған отырыс өтеді.

Дәл осы уақытта «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партияның саяси менеджменті Академиясының жаңа білім бағдарламасын жүзеге асыруды жариялауға арналған брифинг басталады.

Сағат 12:00-де ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді.

Сағат 16:00-де Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында құрылған «ENU-Lab» ғылыми-өндірістік орталық» сынақ зертханасы ашылады.

Дәл осы уақытта ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы басталады. Онда министрлік өткен жылды қорытындылап, осы жылдағы жоспарлармен бөліседі.

Сағат 16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның даму банкі жұмысының контексіндегі Қазақстанның шикізаттық емес экономикасын дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізіледі.


АЛМАТЫ

Сағат11:00-де SmartPoint орталығында Бүкіләлемдік әйелдер күніне орай фотокөрме ашылады.

Сағат 12:00-де Қазақстан баспасөз клубында KORGAU123 ұлттық кампаниясын бастауға арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Сағат 11:00-де С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының тарихы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция басталады.

Сағат 14:00-де балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Жұлдызша» шайбалы хоккей бойынша облыстық турнирдің жабылу салтанаты өтеді. Аталған шара Астана қаласының 20 жылдығына арналған.


ҚОСТАНАЙ


Сағат 09.30-да Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов көктемгі су тасқыны бойынша ТЖД-нің оқу-жаттығу жиындарымен танысады. Өңір басшысына теxникалардың сапасы, азық-түлік қоры көрсетіледі. Өтетін орны: "Ақ шаңырақ" жағажайы. 


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ОҚО-ға жұмыс сапарымен ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы  Тұрсын Қабдулданов келеді. Ол Сайрам ауданындағы мал бордақылау алаңы мен ветеринариялық бекеттің  жұмысымен танысады деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар