Қазақстанда 4 адамға бір көліктен келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда автомобиль саны 4,4 миллионға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2017 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасында 4 млн. 425 мың 770 көлік құралы есепте тұр. Осы арқылы 1 мың адамға шаққанда 250 көліктен келеді екен.

«Жыл сайын 540-570 мың жүргізуші куәлігі беріледі. 2016 жылы 563 мың 956 куәлік тапсырылып, оның ішінде алғаш рет бұл құжатты 194 мың 559 адам алды»,-деп атап өтілген «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына ведомствоның берген жауабында.

Айта кетейік, 17 жыл бұрын, яғни 2000 жылы елімізде көлік саны 1,3 миллионнан аспаған еді. Соның арасында жеңіл көліктер саны 1 млн. 298 болды. Бүгінде Қазақстан аумағында ресми түрде 3 миллион 845 мың 301 жеңіл автомобиль тіркеуде тұр.  

Соңғы жаңалықтар