Қазақстанда 30 мың долларға балаларға арналған спорткар сатылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда балаларға арналған спорттық машина сатылымға шығарылды, ол француздық Bugatti Veyron көлігінің шағын көшірмесі болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рokatim.ru сайтының жазуынша, интернетте сатылымға шығарылған балаларға арналған спорткардың ұзындығы 3,5 метрді құрайды. Ол бойы 120-150 сантиметрден аспайтын балаларға арналған. Bugatti Veyron-ның шағын копиясы 500-кубтық іштен жану қозғалтқышының көмегімен іске қосылады. Оның барынша жоғары жылдамдығы сағатына 90 шақырымды құрайды.

Онымен қоса, жоғары көтерілетін есіктері мен Pioneer аудиожүйесі назар аудартады. Таза былғарымен қапталған көлік салонының ішінде 4 деңгейлі қауіпсіздік белдіктері бар. Қазіргі уақытта көліктің бағасы 30 мың долларға бағаланып отыр. 

Фото ©atc-tuning.kz

Соңғы жаңалықтар