Қазақстанда 3 мыңға жуық кинотуынды цифрлық қалыпқа келтіріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Ұлттық академилық кітапханада «Цифрлық Қазақстан: Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын қалыптастыру» атты дөңгелек үстел өтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Дөңгелек үстелге ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Үмітқан Мұңалбаева, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақ ғылыми-зерттеу институтының өкілдері, белгілі кинорежиссерлер, Қазақсандағы Франция елшілігінің өкілі қатысты.

Ұлттық цифрлық киноколлекцияны қалыптастыру Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мәдени мұраны сақтау бөліміндегі мәдениет саласына қойылған міндеттерді іске асыру кезеңдерінің бірі болып табылады.

Қазіргі цифрлық технологиялар әлемінде ақпараттандырудың рөлі күннен күнге артып келе жатыр. Тіпті бүгінгі таңда жер шарындағы халықтың 70 пайызы интернетке кіре алады. Осылайша, халық пен бизнестің мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігі, ақпарат алмасу процесі жеңілдеген. Осы тұрғыда алғанда ҚР кионематограциясының соңғы он жылда жедел дамып келе жатқанын атап өту керек. Осы үрдіс арқылы қазақстандық толықметражды фильмдердің саны көбейді.

Ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын 10-15 ойын фильмі шығарылады. Шығарылып жатқан деректі фильмдер саны да артып келеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Андрей Хазбулатовтың айтуынша, кино саласының дамуының келесі кезеңі кионөнімді сақтау, дамыту және осы туындыларға қол жетімділік үшін жағдай жасау болып табылады. Себебі, бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік қордағы фильмдердің 90 проценті цифрланбаған. Бұл міндеттерді ҚР Ұлттық цифрлық киноколлекциясын қалыптастыру жобасы шешеді. Жоба аясында ұлттық киноколлекцияларға жол ашатын платформаны жасау жоспарланып отыр. Ал пайдаланушының жанр, тақырып пен тип сынды өлшемдер бойынша фильмі таңдау мүмкіндігі болады. Осылайша, киноөндіріс үшін бұл онлайн мұрағат болса, пайдаланушы үшін онлайн кинотеатр ретінде қызмет атқарады.

Жобаны іске асыру Қазақстанның Ұлттық цифрлық киноколлекциясының жалпыға қолжетімді платформасын жасауға мүмкіндік бермек. Деректі, көркем, анимациялық фильмдер, киножурналдар, кинохроникалар, шежірелердің цифрлық көшірмесін қалыптастырумен бірге, кинематография саласында лицензиялау мен ақылы қызмет кешенін дамытуға ықпал етеді.

«Жоба биыл ғана басталды. Біздің институт фильмдердің тізімін жасау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні Қазақфильмде 1500-ге жуық көркем, деректі және ғылыми тұрғыда танымал фильмдер бар. Олардың барлығы да 13 мың бірлікпен цифрланбаған күйі сақталуда. Сонымен қатар, Ресейдің мемлекеттік киноқорында тағы 1,5 мың туынды барын анықтап отырмыз. Бұның бәрі біздің халықтың мұрасы. Туындыларды цифрлау жобасы 3 жылға арналған. Осылайша, біз ол туындылардың электрондық базасын әзірлейміз. Ол базадан кез келген пайдаланушы өзін қызықтырған киноларға қол жеткізе алады», - дейді Андрей Хазбулатов.

Соңғы жаңалықтар