Қазақстанда 3,5 млн тонна картоп жиналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 20 қазанындағы жедел мәліметтерге сәйкес егілген алқаптың 99,8%-ы жиналып, 3,5 млн тонна картоп алынды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Жергілікті атқарушы органдардаң мәліметінше, 2017 жылы картоптың егіс танабы 179,6 мың гектарды құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 1,6 мың гектарға кем болды.

2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Республикадан экспортталған картоптың жалпы көлемі 107,4 мың тоннаны құрып, 17,4 млн АҚШ долларына бағаланды, олардың 76 мың тоннасы былтырғы жылдың өнімі. Картоп экспортталған негізгі ел Өзбекстанға 106,6 мың тонна картоп 17,3 млн АҚШ долларына жіберілді.

2017 жылдың қазан айынан бастап өздеріндегі өнімді жинау кезеңінің басталуына байланысты  Өзбекстан тарапынан картопқа деген сұраныс күрт төмендеді. 

Статистика мәліметтеріне сәйкес, маусым-қыркүйек аралығындағы өндірушілер бағасы келісіне 49 теңгеден болды, сонымен қатар, бөлшек сауда бағасы келісіне 162 теңгеден 99 теңгеге дейін төмендеді. 2016 жылдың осы кезеңінде өндірушілер бағасы келісіне 47 теңгеден 45 теңгеге дейін, бөлшек сауда бағасы 106 теңгеден 81 теңгеге дейін төмендеген.

Осылайша, былтырғы жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда, өндірушілер бағасының өсімі 8,9%, бөлшек саудада 22% құрады.  

Соңғы жаңалықтар