Қазақстанда 27 наурыз күні өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 27 наурыз күні өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10:00-де Үкімет отырысы өтеді. Отырыс барысында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қорытындылары қаралмақ. Сонымен қатар Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының қызметі мен оны енгізу мәселелері талқыланады.

Сағат 10:00 кезінде «Нұрсәулет» бизнес-орталығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылады.

Сағат 11:00-де Сенатта Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралады.

Сағат 12:00-де Бейбітшілік және келісім сарайының «Бесік» залында жыл сайынғы «ҚАЗАҚСТАН АРУЫ» 21-ші ұлттық байқауына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15:00 кезінде «Шапағат» сауда орталығында «Картамен төле, түбіректі талап ет» науқанының тусаукесері болады.
Сағат 15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде көліктік-логистикалық инфрақұрылымды пайдаланудың тиімділігін арттыруға арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

АЛМАТЫ

Сағат 11:00-де «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» іс-шарасына шақырады.
Сағат 11:00 кезінде ҚР Ұлттық кітапханасында бүгінгі қазақ театр өнеріне арналған 5 жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өтеді.

Сағат 11:30-да Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті KAZGOR жобалау академиясымен және Autodes халықаралық компаниясымен ынтымақтастықта ІІ Халықаралық инновациялық форумға арналған баспасөз мәслихатын өткізеді.
Сағат 12:00-де Esentai Mall кешенінде Қазақстанда X Factor телевизиялық вокалдық шоуының жетінші маусымының басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Сағат 15:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Ақмола облысы өзендерінің бассейндеріндегі су тасқыны жағдайын талдау» тақырыбында Ақмола облысындағы «Қазгидромет» филиалының директоры Бақыт Макажанованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Елбасының Бес әлеуметтік бастамасындағы «7 - 20 - 25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасы мен ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы бойынша баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Биыл Қазақстан Республикасында Өзбекстан жылы жарияланғаны мәлім. Осыған орайда сағат 11:30-да Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Өзбекстан Республикасының зиялы қауым өкілдері мен ОҚО зиялы қауым өкілдерінің кездесуі өтеді.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Сағат 11.00-де «Алатау» СО-да облыстық кәсіпкерлік басқармасы және «Даму» КДҚ бірлесіп, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында шағын және орта бизнесті несиелендіру мүмкіндіктері» тақырыбында кәсіпкерлермен бірге талқылау өткізеді.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Сағат 10:00-де Қостанай қаласындағы әуежайда Паралимпиада ойындарының чемпионы Александр Колядинді қарсы алу рәсімі өтеді.
Бұдан бөлек, сағат 18:00-де «Мирас» мәдениет сарайында спортшының құрметіне гала- концерт ұйымдастырылады. Іс-шара барысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Александр Колядинге пәтер сертификатын тапсырады.

Соңғы жаңалықтар