Қазақстанда 27 компания жұмысшыларға жалақы бермей отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы компаниялардың жалақы қарызы 440 миллион теңгені құрады. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмысшылардың құқығын қорғау өзекті мәселесі бар. Оның еңбек қатынастарына байланысты екенін барлықтарыңыз білесіздер. Ол - жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қарым-қатынас, еңбек шартын жасасу, жұмыс берушілердің жұмысшыларға жалақыны уақтылы төлеу мәселесі. Бұл салада да біздің министрліктен басқа орталық мемлекеттік органдармен бірқатар жұмыстар атқарылды», - дейді комитет төрағасының орынбасары. 

Төлеген Оспанқұловтың келтірген дерегіне сүйенсек, 2013 жылы республика бойынша жалақы қарызы 1,1 млрд теңгені құрайтын болса, 2018 жылдың 12 ақпандағы жағдайы бойынша ол сома 440 миллион теңгені көрсеткен. 

null 

«Бұл ретте негізгі жұмыс - орталық мемлекеттік органдар бірлесе атсалыса атқарған қызметтің нәтижесі деп ойлаймын. 2013 жылдан бастап бізде республика бойынша Бас прокуратура, Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «жұмысшылардың құқығын қорғау және жалақысын уақтылы төлеу бойынша» 4 жақты бұйрық қабылдаған», - деді ол.

Министрлік өкілінің айтуына қарағанда, жалпы сомасы 440 миллион теңге жалақы қарызын өтей алмай отырған 27 кәсіпорын бар.

Соңғы жаңалықтар