Қазақстанда 26 жылда 800-ге жуық полицей көз жұмды - ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 26 жылда Қазақстанда қызмет барысында 800-ге жуық полицей көз жұмды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауабында айтылған. 

«Соңғы 26 жылдың ішінде ішкі істер органдарының 777 қызметкері қызметтік міндеттерін өтеу кезінде, 73 өкілі қылмыскерді ұстау кезінде қаза болды», - делінген ІІМ жауабында.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, аталған мерзімде қызметтік міндеттерін өтеу кезінде 2 320 полиция қызметкері жарақат алды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 31 наурызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан учаскелік инспектор қайтыс болды.

Наурыз айының басында Батыс Қазақстан облысында жол апатына ұшыраған полиция қызметкері көз жұмды.

Ал өткен жылғы желтоқсанда Павлодар облысында қылмыскерлерді ұстау барысында полиция лейтананты жарақаттанды.

Соңғы жаңалықтар