Қазақстанда 23 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 23 сәуірде өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында балалар кітапханасының ашылуы өтеді.

Сағат 11:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Казавтопром» Қазақстанның автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы» ЗТБ-ға арналған баспасөз мәслихаты басталады.

Сағат 12:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында АЭФ: Global Challenges Summit 2018 ақпараттық кампаниясының ресми түрде басталуына арналған баспасөз брифингі ұйымдастырылады.

Сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының мазмұнына талдау жүргізу туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде BI GROUP компаниясының эскизді жобалардың алғашқы халықаралық конкурсын іске қосуына арналған баспасөз мәслихаты басталады.

Сағат 16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Жаңғыру жағдайындағы жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі республикалық байқауының аймақтық іріктеу кезеңінің салтанатты ашылуы басталады. Шараның өтетін жері - Оқушылар сарайы. Шараның ұйымдастырушылары: «BI-Жұлдызай»  және Алматы қаласының білім басқармасы.

Сағат 12.00-де «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрбибі Наурызбаева ««БЖЗҚ» АҚ-ның 2017 жылғы және 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысының қорытындысы. 2018 жылға арналған жоспар» атты баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде «Чернобыль - XX ғасырдың атомдық трагедиясы» атты көрменің ашылуы өтеді. Шара Чернобыль АЭС-тегі апаттың 32 жылдығына арналып отыр.

Соңғы жаңалықтар