Қазақстанда 23 қаңтарда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстанда 23 қаңтар күні өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өткізіледі. Күн тәртібінде - «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы, құқық қорғау жүйесін, атқарушы өндіріс және сот сараптама жұмыстарын цифрландыру, сонымен қатар азаматтық авиация саласын ары қарай дамыту мәселелері.

Сағат 11:00-де Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ҚХА Республикалық кафедралар қауымдастығының кеңейтілген отырысы ұйымдастырылады. Шарада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы талқыланады.

Сағат 11:00-де Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының «UMC» Корпоративтік қорында «ақылды сыныптың» ашылуы өтеді. Тың сынып Samsung School жаңа оқу шешімімен қамтылған.

Сағат 12:30-да Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры балаларға қарсы зорлық-зомбылық ахуалына қатысты баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сағат 15:00-де Назарбаев университетінің Медицина Мектебінің ғимаратында Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы талқыланады.

АЛМАТЫ

Сағат 11:00-де «Қазақстандағы 2017 жылғы автокөлік саласындағы кәсіпорындардың жұмыс қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Онда «ҚазАвтоӨндіріс» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағы басқарма төрағасы Олег Алферов қатысады.

Сағат 15:00-де АИБА бокс академиясында (Алматы облысы, Талғар ауданы) Пхенчханда өтетін Олимпиада ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасын шығарып салу салтанаты өтеді. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, сонымен бірге шаңғы жарысы, биатлон, фристайл-акробатика мен  фристайл-могулдан құрама мүшелері қатысады.

Соңғы жаңалықтар