Қазақстанда 21,4 млн тонна астық бастырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -2017 жылдың 2 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанда 21 406,2 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметтеріне сүйенсек, есептік мерзімге дейін ауыл шаруашылығын өндірушілер 15 185,7 мың га алқапты жинады. Бұл өңірлердегі жинау алқаптарының 99,3%-ын құрайды. Орташа өнімділік 14,1 ц/га-ны құрайды.

2016 жылдың осы кезеңінде Қазақстанда 13 970,8 мың гектар алқап жиналып, бұл облыстардың жинау алқаптарының 91,5%-ын құрады, 20811,1 мың тонна астық жиналды. Орташа өнімділік 14,9 ц/га.

Ал, 2017 жылы жинау алқаптары 15 293,3 мың га жерді құраса, 2016 жылы - 15275,1 мың га болған. 

Соңғы жаңалықтар