Қазақстанда 20 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақсанда 20 сәуір күні өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10:00-де Бас пркуратурада ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысы өтеді.

Сағат 10:00 кезінде «Алтын орда» БО-да Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында «Инклюзивтік білім: теория, тәжірибе» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады.

Сағат 10:00-де Жақып Асановтың төрағалығымен Жоғарғы Соттың кезекті пленарлық отырысы басталады. Шараның тақырыбы Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларына арналмақ.

Сағат 11:00-де Мәжілісте жұмыс тобы кеңейтілген отырыс өткізеді. Онда мемлекеттік сатып алулар саласына арналған заң жобасы талқыланады.

Сағат 11:20 кезінде «Үкімет үйінде» «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру аясында микронесиелеуді кеңейту тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 14:30-да Назарбаев Университетінде Қазақстан Жас Ғалымдары қауымдастығының таныстырылымы ұйымдастырылады. Қауымдастықты құру бастамасын Назарбаев Университетінің докторанттары мен ғалымдары көтеріп отыр.

Сағат 15:00 кезінде Назарбаев орталығында Smart Zholy бағдарламасының финалистері анықталады. Олар Сингапурге сапарлап, өздерінің стартаптарын биыл шілдеде Echelon Asia Summit технологиялық ірі конференцияда таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

АЛМАТЫ

Сағат 09:00-де «Достық» қонақүйінде сот қадағалау мәселелері бойынша құқық қолдану тәжірибесі тақырыбында дөңгелек үстел отырысы басталады.

Сағат 10:00-де «Атакент» көрме орталығында Қазақстан саяхатшыларының форумы ұйымдастырылады. Аталған шара «Туризм және саяхат» халықаралық көрмесі аясында өткізілмек.

Сағат 10:45-те Алматы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиевтің төрағалығымен «Инновациялық экожүйе және қалалық орта» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылады.

Сағат 11:00 кезінде Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында спорттық жәрмеңке өтеді. Бұл шара жыл сайын Алматы Марафоны аясында өтетін спорттық экспо саналады.

Сағат 14:00-де «Алматы» қонақүйінде ерлер мен әйелдер арасында шахматтан Қазақстан Республикасы чемпионатының финалы басталады.

Сағат 17:00-де Almaty Towers бизнес-орталығында Қазақстан қор биржасы өзінің 25 жылдығына арнап кезекті KASE Talks дәрісін өткізеді.

ӨСКЕМЕН

Сағат 12:00 кезінде ерекше білім қажеттіліктерімен балалар шығармашылығының «Жұлдызай» XIII республикалық фестивалі өтеді. «Жұлдызай» фестивалі Астананың 20 жылдығын меркелеу аясында ұйымдастырылып отыр.

ТАРАЗ

Сағат 09:00-де «ІТ-білім: проблемалар мен үрдістер» атты өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция басталады.

Сағат 09:00 кезінде «Отаным деген менің бастамам» тақырыбында шығармашылық жобалардың конкурсы өтеді.

ШЫМКЕНТ

Сайрам ауданында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарынан келген 120-дан астам жұмыс берушілердің қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Е.Әлсейітов, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департамент директоры Д.Исаков және Әлеуметтік төлемдер ведомствоаралық есептеу орталығының директоры Б.Басымбек баспасөз мәслихатын өткізеді. Онда спикерлер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының атқарған жұмыстары және трансформацияның әрі қарай жалғасуы ретінде үш департаменттің бірігуі туралы мемлекеттік корпорацияның өткізетін алғашқы ауқымды іс-шарасы бойынша айтатын болады.

Соңғы жаңалықтар