Қазақстанда 2 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанның өңір-өңірлерінде 2 наурыз күні өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10:00-де Rixos Hotel Astana-да Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы өтеді.

Сонымен қатар дәл осы уақытта Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да 2018 жылғы сауалнама алдындағы кезеңінде Дүниежүзілік экономикалық форумы бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі аясындағы ақпараттық-түсіндіру бойынша кездесу өтеді. Бұл шараға мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысады.

Сағат 11:00-де ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен мал және құс шаруашылықтарын дамытуға арналған көшпелі кеңес ұйымдастырылмақ.

Ал түскен кейін сағат 15:00 кезінде ҚР СІМ-де туризм саласында шетелмен Қазақстанның ынтымақтастығын кеңейту тақырыбында дипломатиялық корпус үшін брифинг өтеді. Шараға ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана әкімі Әсет Исекешев қатысады деп күтілуде.

АЛМАТЫ

Сағат 09:00-де The Ritz-Carlton Алматы қонақ үйінде қаржылық блок топ-менеджерлерінің жыл сайынғы әрі мерейтойлық V Саммиті ұйымдастырылады.

Сағат 10:00-де InterContinental Almaty-да құрылыс саласында ақпараттық модельдеуді енгізу бойынша Қазақстан, Ресей және Беларусь министрліктері өкілдерінің тәжірибе алмасуына арналған халықаралық конференция болады.

Бұдан бөлек, «Кинематография туралы» заң жобасы бойынша Алматы қаласында Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті көшпелі отырыс өткізеді. Көшпелі отырыс Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында сағат 14:00-де басталады.

ОҚО

Сағат 11:00-де Жастар ресурстық орталығында «Сандық Қазақстан» зияткерлік байқауы өтеді. Байқауға 5 команда қатысады. Команда екі оқушы, екі мұғалім және екі ата-анадан тұрады. Байқау «Өзіңнен баста» республикалық акциясының бастауы болады деп жоспарлануда. Байқаудың мақсаты - елімізде көрсетіліп жатқан сандық қызмет түрлері бойынша тұрғындардың сауаттылығын арттыру.

Сағат 14:00-де ОҚО Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жеңіл өнеркәсіп пен тоқыма өнеркәсібіндегі отандық өндірушілерді қолдау мақсатында SHYMKENT POP UP STORE ұлттық дизайнерлер көрмесінің VIII маусымының салтанатты ашылуы өтеді.

АҚТӨБЕ

Ертең облыс әкімі «Алғыс айту күніне» арналған мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру акциясына қатысады. Шара 12:30-да «Юрта» мейрамханасында басталады.

Соңғы жаңалықтар