Қазақстанда 2,7 млрд теңгеге гепатитке қарсы 6 препарат сатып алынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылға қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2,7 млрд теңгеге вирустық гепатитті емдеуге 5 препарат және В вирустық гепатитіне қарсы вакцина Бірыңғай дистрибьютордың жүйесі арқылы сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар ауру ретінде вирустық гепатиттің емделуіне көп көңіл бөлінуде. Осы ауруларды емдеуге арналған препараттардың қолжетімділігі 2018 жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда 3,6 есеге артты.

Вирустық гепатитті емдеу үшін Бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» компаниясы жыл сайын Пэгинтерферон альфа 2b және Рибавирин препаратын сатып алады. 2018 жылы ЮНИСЕФ-тің жеткізілім туралы шарты бойынша Тенофовир препараты сатып алынады.

Бұдан басқа, 2018 жылғы тегін дәрімен қамтамасыз ету тізіміне C вирусты гепатитін емдеудің заманауи хаттамаларына сәйкес Софосбувир және Даклатасвир енгізілді. Осы дәрілерді жеткізуді БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, биылғы жылы созылмалы гепатит B вирустық инфекциясының алдын алу үшін, соның ішінде бауыр циррозы және гепатоклеткалы ракқа қарсы 445 400 доза вакцина сатып алынды. Балаларды ерте жастан В вирустық гепатитке қарсы вакцинациялау ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілді.  

Соңғы жаңалықтар