Қазақстанда 17 наурыз күні өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 наурыз күні өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.

АСТАНА

Сағат 11.00-де «Пекин палас» қонақ үйінде Қытайдағы көктем мерекесі мен Бейжіңдегі ЕХРО-2019 көрмесіне арналған  ART-EVENT «Open Road» жобасының тұсауы кесіледі.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де «Алматы марафон» екінші дәстүрлі жүгіруі өтеді. Бұл күні Әл-Фараби даңғылымен мыңнан астам адам жүгіреді деп күтілуде.

Сағат 09.00-де  ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ҰЗИ Алматы қаласында және басқа да өңірлік онкодиспансерлерде ашық есік күні өтеді.

Сағат 12.00-де  Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде «Ұлы Жібек жолы» 4 метрлік көйлектердің көрсетілімі өтеді

ШЫМКЕНТ

Сағат 10:00-де «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы» ғимаратының алдында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай  жәрмеңке өтеді.  Аталған жәрмеңкеде тек қана «ОҢТҮСТІК» АИО және «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландырылған тауар өндірушілері өз өнімдерін нарықтан төмен бағада ұсынатын болады. Шарада  40-қа жуық кәсіпкер қатысады.

ТАЛДЫҚОРҒАН

Сағат 13:00-де Журналистер үйінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белгілі фотограф Каринов Манат Серікбайұлының «STREET PHOTO» шеберлік сағаты ұйымдастырылады.

МАҢҒЫСТАУ

Сағат 9:30-да «Кіші Оймаша» көлінің жағалауында жаппай сенбілік өтеді.

Соңғы жаңалықтар