Қазақстанда 140 кәсіпорын «Сенім сертификатының» иегері болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары және жұмысқа орналасу бойынша әкімдіктер, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасында өзара серіктестік туралы 115 мыңнан астам меморандум жасалды. Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл, 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,6 мың ірі өндіріс орны және 113,5 мың орта және шағын кәсіпорындармен меморандум жасалды. Тараптар аталған міндеттемелерді орындау кезінде еңбеккерлер үшін 2,8 млн жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді. 140 кәсіпорын «Сенім сертификатының» иегері болды»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетейік, жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес, Декларация қағидалары негізінде сенім сертификаттары беріледі. Мұндай куәлікті алғандарға үш жыл ішінде тексеріс жүргізілмейді. 2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Сенім сертификатына» ие болған кәсіпорындар саны өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге артып, олардың қатары 140-қа жетті. Бұл кәсіпорындарда үш жыл бойы ішінара және бақылаудың өзге түрлері жүргізілмейді.

2018 жылдың басында елдегі кәсіпорындарда 12 412 еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңестер құрылып, бұл 2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдайымен салыстырғанда 9,6 пайызға жоғарылады (11 215).

Соңғы жаңалықтар