Қазақстанда 13 наурызда болатын маңызды шараларға шолу

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА 13-наурызда Қазақстанда болатын маңызды шараларға шолу ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

11.00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Целиноград ауданы Родина ауылында «Азаматтарға арналған Мемлекеттік корпорация» АҚ өкілдері «Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі» туралы кездесу өткізеді.

14.00-де «Қазмедиа орталығында» «Қазақстан» РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасының жаңа маусымының таныстырылымы өтеді.

14.00-де Украина мәдени орталығында Тарас Шевченконың құрметіне мәдени шара өтеді.

14.30-да Мәжілісте Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қатысуымен Жұмыс тобы өтеді деп күтілуде.

15:00-де Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшісі Нұрлан Сейтімовтың брифингі өтеді.

Сағат 15.30-да «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер vинистрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов азаматтарды жеке қабылдауын өткізеді.

АЛМАТЫ

12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Алтын Қалам 2018» әдеби байқауына байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар